Жаңалықтар

Жамбыл облысының аумағында «Бейбітшілік және келісім» жобасын іске асыру жалғасуда.

Жамбыл облысының аумағында «Бейбітшілік және келісім» жобасын іске асыру жалғасуда.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысының аумағында «Бейбітшілік және келісім» жобасын іске асыру жалғасуда. Жобаның негізгі мақсаты облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру мен медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін көтеру, азаматтарға арналған жылжымалы қабылдау өткізу, әлеуметтік мәселелерін шешу, үйме-үй жүру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халыққа несие беру бойынша кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін шешу, заң аясында көмектесу, бизнесті қолдау және дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу болып табылады. «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Дін саласы бойынша» тобы Дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және республикалық «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының өкілдері мен дінтанушы/теолог мамандардан құралған. Осылайша, 2022 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы С.Мыңбаевтың бастамасымен «Дін саласы бойынша» тобы Шу ауданында зерделеу және консультативтік-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған топ жұмысының желілік кестесіне сәйкес аудан көлеміндегі ірі елді мекендерінің тұрғындарын, жастар мен жасөспірімдерін, оқушылар мен студенттерін, спортшылар мен жаттықтырушыларын және аудан имамдарын қатыстыра отырып түрлі форматтарда шаралар өткізілді. Іс-шаралар барысында аудан көлеміндегі проблемалық мәселелер анықталып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Жоғарыда аталған жобаға сәйкес келесі кезеңде аталмыш топ Мойынқұм ауданына іс-сапармен баруды жоспарлауда.