Жаңалықтар
Жамбыл облысының білім басқармасы «Жас маман» бағдарламасы бойынша қаражат жымқыру дерегіне қатысты жауап берді
- авторjambylinfo.kz
- 11 шілде, 2022
- 387
Жамбыл облысының білім басқармасы «Жас маман» бағдарламасы бойынша қаражат жымқыру дерегіне қатысты жауап берді
Жамбыл облысының білім басқармасы «Жас маман» бағдарламасы бойынша қаражат жымқыру дерегіне қатысты жауап берді:
« « Жас маман» бағдарламасы бойынша 2020 жылы Тараз темір жол көлігі және коммуникация колледжін жабдықтауға 371 392,0 мың теңге бөлінді. Жабдықтарды сатып алу конкурсын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы Жамбыл облысының энергетика басқармасы өткізді. Байқау қорытындысы бойынша колледж бен жеткізуші «Ай-Дин Тараз Құрылыс» арасында 371 392,0 мың теңгеге үш лот бойынша құрал-жабдықтарды жеткізуге келісім шарт жасалды.
Тауарды қабылдау барысында, жеткізушіге екі лот бойынша 172 480,0 мың теңге аударылып, ал үшінші лот бойынша Жамбыл облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бұйрығы негізінде республикалық бюджетке 198 912,0 мың теңге сомасында қаражат қайтарылды.
Яғни, үшінші лот бойынша құрал-жабдықтар техникалық шарттарға сәйкес келмеді. Бүгінгі күні бұл факті бойынша сот процестері жүріп жатыр. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерінің жоқтығын хабарлаймыз. »
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз