Жамбыл облысының әкімдігінде 21 адамға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды
Жамбыл облысының әкімдігінде 21 адамға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды
Жамбыл облысында тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 21 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның ішінде: мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылық жасағаны үшін – 20, әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 1 және 7 тәртіптік іс тоқтатылған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен әдеп жөніндегі кеңесте айтылды. Тәртіптік жаза түрлері бойынша: 2 тұлға атқаратын лауазымынан босатылған. Ал 18 қызметкер қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту алған және 1 тұлғаға ескерту жасалған.