Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев халықпен кездеседі
Аймақ басшысы бұл жолы Тараз қаласының тұрғындармен кездесу өткізеді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақ басшысының халықпен кездесуі 26 маусым күні, сағат 11:00-де, Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді. Кездесуде әкім азаматтардың мәселелерін тыңдап, жауап береді.
Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 7 наурызында "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойған болатын.