Бақытжан Малыбаев қарамағындағы заңсыз әрекеттер үшін отставкаға өтініш берді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 қыркүйек, 2025
- 657
Осы ақпаратты мәжіліс отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz stan.kz сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, заңсыздық болғанда басшы міндетті түрде отставкаға өтініш беруге тиіс.
"Біз әскери тәртіппен жұмыс істейміз, құқық қорғау органымыз, шеніміз бар. Сондықтан біздің жарғыда бәрі анық көрсетілген. Оның қарамағындағы қызметкерлер тарапынан заң бұзушылықтар болғаны рас. Заң бойынша ол осы құқығын пайдаланып, рапорт тапсырды. Енді комиссия бұл мәселені қарайды", – деді Сәденов.
Айта кетейік, Қазақстанда бұған дейін егер мемлекеттік органның немесе әкімдіктің қоластындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыс үшін ұсталған жағдайда, олардың тікелей басшылары министрлер мен әкімдер отставкаға кетуге міндетті.
Бұл норманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң жүзінде бекіткен еді.






