Бақытжан Малыбаев қарамағындағы заңсыз әрекеттер үшін отставкаға өтініш берді
Полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың өтінішін арнайы комиссия қарайды.
Осы ақпаратты мәжіліс отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz stan.kz сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, заңсыздық болғанда басшы міндетті түрде отставкаға өтініш беруге тиіс.
Айта кетейік, Қазақстанда бұған дейін егер мемлекеттік органның немесе әкімдіктің қоластындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыс үшін ұсталған жағдайда, олардың тікелей басшылары министрлер мен әкімдер отставкаға кетуге міндетті.
Бұл норманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң жүзінде бекіткен еді.