сенбі, 26 шілде, 2025 11:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының полиция департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Жамбыл облысының полиция департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады
Фото: Polisia.kz
Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және өңірдегі қауіпсіздікті бірге қамтамасыз етуге шақырады.

Жамбыл облысының полиция департаментінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген нақты тапсырмалары негізге алынды. Сонымен қатар, Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің нұсқаулары департаменттің жеке құрамына жеткізілді.

Департамент бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, өңірде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тұрақты оң көрсеткіштер байқалуда. Соңғы бес жыл ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны екі еседен астам қысқарған.

   Президентіміз «Заң және Тәртіп» қағидатын басты бағдар ретінде айқындады. Бұл жай ғана ұран емес, нақты іс-қимылға бастайтын міндет. Сондықтан біздің жұмысымызда ашықтық, жауапкершілік пен алдын алуға басымдық беріледі, – деді Бақытжан Малыбаев.

2025 жылдың басынан бері өңірде 30-дан астам жедел-алдын алу шаралары ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда, бұрын сотталғандар, мас күйде, кәмелетке толмағандар және топпен жасалатын қылмыстардың азаюы тіркелді. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыс нәтижесінде бұл санаттағы қылмыстар 30 пайызға төмендеген.

Есірткі қылмыстарына қарсы күрес те жалғасуда, әсіресе жастар арасында. Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, бейнебақылау камераларының көмегімен Тараз қаласында 32, ал облыс бойынша 89 қылмыс ашылған.

Жыл басынан бері 54 алаяқ ұсталды, оның ішінде 24-і басқа облыстардан келгендер. Сондай-ақ түрлі қылмыстық схемаларда қолданылған 130 дроппер анықталған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар