Жаңалықтар

Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары өрт салдарынан 50 адамды эвакуациялады

Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары өрт салдарынан 50 адамды эвакуациялады

2023 жылғы 3 қазанда 2 сағат 44 минутта 101 пультіне Тараз қаласы, Қарасу шағын ауданындағы төрт қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт оқиасы орнына жедел түрде 14 бірлік техника мен 50 адам жеке құрам жөнелтілді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіруші-құтқарушылар жедел түрде үй тұрғындарын эвакуациялауға кірісті. Баспалдақпен 50 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Барлау барысында өрт сөндірушілер 4-қабатта 1981 жылы туған ер адамның денесін тапты. . Сонымен қатар, екі адам ауруханаға жатқызылды, (1979 жылы туған әйел және 2002 жылы туған ер адам). Тұрғындарды құтқару кезінде жеңіл дәрежелі күйік алып, Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға прапорщигі Сурабалдиев Бекмурат ауруханаға жатқызылды. Оның жедел әрекеттерінің нәтижесінде екі тұрғын ажал тырнағынан аман қалды. Бөлімшелердің жалпы күшімен өрт 3 сағат 20 минутта жойылды. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Құрметті Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тұрғындары және қонақтары! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.  

    Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі