Жаңалықтар

Жамбыл облысының құтқарушылары ұйымдастырған қайырымдылық акциясы

Жамбыл облысының құтқарушылары ұйымдастырған қайырымдылық акциясы

Жалпы, еліміздің болашағы болып табылатын балалар әрқашан ересектердің қамқорлығында болуы тиіс екендігі баршаға мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды балалар жылы деп жариялағаны да баршамызға белгілі. Осыған байланысты Сарысу ауданы ТЖ басқармасы мен №16 Өрт сөндіру бөлімінің және Саудакент ауылдық бекетінің жеке құрамы да аталған іс-шарадан тыс қалмай, жанүяларға мектепке керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетті. Аталған іс-шара аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді. Ал өз кезегінде балалардың ата-аналары мен туыстары құтқарушыларға шынайы алғыстарын жаудырды.