Жамбыл облысының тұрғыны жалған жер учаскесін сатып жіберген
Жамбыл облысының тұрғыны жалған жер учаскесін сатып жіберген
Меркі ауданының полиция бөліміне алаяқтық туралы жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам оған 3 гектар жер учаскесін алып беруге уәде берген. Сенімге кірген алаяқ жәбірленушінің 2 000 000 теңгесін алған. Жедел - іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Меркі ауданының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу жалғасуда.