Жаңалықтар
Жамбыл облысының тұрғынынан 11 келі гашиш тәркіленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 наурыз, 2025
- 370

Тергеу барысында күдіктінің есірткі құралдарын Шу ауданының құмды аймағында дайындап, Қарағанды қаласына апарып сатпақ болғаны анықталды.
Жамбыл облысында Шу ауданының 61 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сату мақсатында сақтап, тасымалдаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Полиция қызметкерлері Алматы-Екатеринбург тас жолында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Land Rover автокөлігін тоқтатқан.
Тэя атты қызметтік иттің көмегімен автокөліктің салонын тексеру кезінде артқы жолаушылар орындықтарының астынан өсімдік тектес қара-жасыл түсті ұнтақ заты бар 11 полиэтилен пакет табылды.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 11 келі 120 грамм гашиш есірткі заты болып шықты, – делінген хабарламада.
Келесі мақала
Таразда "Жаңару" күні 140 дана ағаш көшеті отырғызылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ақтауда психотроптық заттарды заңсыз жарнамалағандар сотталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 шілде, 2025
Жаңалықтар
Қазақстандық фильм Италияда жүлделі болып, Оскарға ұсынылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 шілде, 2025