Жамбыл және Жетісу облыстарында екі жол жабылды
Жамбыл және Жетісу облыстарында екі жол жабылды
Жамбыл және Жетісу облыстарында екі жол көліктің барлық түрі үшін жабылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі, жауын-шашын, боран, екпіні күшті жел, жолдың дұрыс көрінбеуі) екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жамбыл облысында - 1 учаске (95 шақырым) 1. "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж, Кенен а.– Қайнар а. (Жаңа Қордай асуы) - 95 шақырым; Жетісу облысында - 1 учаске (100 шақырым) 1. "Үшарал-Достық" Көктұма ст. – Достық ст. - 100 шақырым. Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады. Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 288 техника жұмылдырылды.