Жаңалықтар

Жамбылда 115 930 адам ЖРВИ жұқтырған

The final spritzer

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев мәлімдеді.

2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың 9 қаңтарына дейін Жамбыл облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) диагнозымен 115 930 адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олардың ішінде:
* 63%-ы (73 025 адам) – 14 жасқа дейінгі балалар;
* 1,7%-ы (2 027 адам) – 1 жасқа дейінгі сәбилер;
* 0,6%-ы (670 адам) – жүкті әйелдер.

Зертханалық талдаулар барысында 290 науқастан тұмаусыз вирустар, ал 97 науқастан тұмау вирусы анықталған. Аурулардың 60%-дан астамы қаладағы балалар арасында тіркелді.