Жаңалықтар

Жамбылда 15 дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр

Жамбыл облысында қазіргі таңда 15 дене шынықтыру–сауықтыру кешенінің құрылысы жүзеге асуда. Оның 14-і биыл ел игілігіне беріледі деп жоспарланған. Атап айтқанда, Байзақ - 1, Жамбыл - 3, Жуалы - 3, Қордай - 1, Меркі - 2, Мойынқұм – 1, Т.Рысқұлов - 2, Талас ауданында 1 спорт нысаны салынуда, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұдан бөлек 29 кіші футбол, 66 балалар ойын, 26 заманауи спорт алаңдарын салу жоспарланған.

Айта кетейік, өткен 2023 жылы 23 спорт нысанның құрылысына 3,1 млрд теңге бөлініп, оның 10-ы пайдалануға берілген болатын. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту үшін спорт кешендерін арттыруды тапсырған еді.