Жаңалықтар

Жамбылда «2000 мектеп» жобасы сәтті жүзеге асуда

Жамбылда «2000 мектеп» жобасы сәтті жүзеге асуда

Болашағын жол саласымен байланыстырғысы келетін жасөспірімдерге жолшылар білгенін үйретіп, мол тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Бас Директоры Замир Садықұлының бастамасымен қолға алынған «2000 мектеп» жобасы аясында жемісті жүзеге асуда. Мәселен, дәл осы орталықтың өңірдегі филиалының қызметкерлері 8-11 сынып оқушыларымен онлайн кездесіп, жол-құрылысы мамандықтары жөнінде толық мағлұмат беріп келеді. - Қазіргі таңда мектеп оқушылары жазғы демалыста. Соған қарамастан, біз білім беру ұйымдарымен орнатылған әріптестік байланыс негізінде «ZOOM» платформасы арқылы жас жеткіншектермен жүздесудеміз. Бейнебайланыс барысында әріптестеріммен бірге, жол сапасының бақылау жұмыстары қалай жүргізілетіні, зертхана жұмысы мен жылжымалы зертхана кешені туралы әңгімелеп бердік. Сондай-ақ, бұл күндері болашақ мамандық иелерінің назарына автокзизөлік жолдарын салу мен олардың сапасын бақылау жұмыстары жөніндегі арнайы бейнесюжет ұсынылды. Өз кезегінде оқушылардың бұл салаға қызығушылығы оянып, ынтасы бар балалар асфальт жабындысы қалай төселетініне дейін білуге құмарта түсті, - дейді өңірлік филиалдың жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев. Атап өтерлігі, осындай үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде тараздық Әзиз Мұратов, Николай Павлов, Юсуф Чауш-Оглы және Роман Ковалев сынды бірқатар мектеп оқушылары жолшы болуға дайын екендіктерін мәлімдеді.