сәрсенбі, 21 мамыр, 2025 7:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда ардагер Григорий Нещеретневке әскери құрмет көрсетілді

Жамбылда ардагер Григорий Нещеретневке әскери құрмет көрсетілді
Фото: Jambylinfo.kz
Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангерлерге деген ілтипат ерекше форматта өтуде.

 Ерлік пен жанқиярлықтың символына айналған соғыс ардагері Григорий Нещеретневке арнайы әскери шеру ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Салтанатты шараға 5513 әскери бөлімнің жеке құрамы мен бөлім командирі, полковник Кәдірбек Ғазиз Оңласынұлы қатысты. Сонымен қатар, Оңтүстік аймағының әскери прокуратурасының аға прокуроры, майор Олжас Несіпбаев та ардагерді арнайы құттықтап келді.

Шеруге Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының 29903 әскери бөлімшесінің сарбаздары да қатысты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әуеге қарсы қорғаныс бөлімшесінің өкілдері де шараға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының Жамбыл облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің аға прокуроры Жанболат Алимбаев та қатысып, ардагерге құрмет білдірді.

Шара барысында жүзге жуық әскери қызметкер сап түзеп, ардагер Григорий Нещеретнев құрметіне арнайы шеру жасады. Олар әскери тәртіп пен жоғары дайындықтың үлгісін көрсетті. Бұл көрініс ардагердің жүрегін тебірентіп, соғыс жылдарындағы естеліктерді қайта жаңғыртты.

Шара барысында ардагер Григорий Нещеретнев ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың арнайы Алғыс хаты табысталды. Бұл – мемлекет тарапынан соғыс ардагерлерінің жанқиярлық ерлігіне берілген жоғары баға мен ризашылықтың айқын белгісі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар