жексенбі, 24 қараша, 2024 8:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бағалы нөмірлерді сатып алушылар бюджетке 58 миллион теңге түсірген

Жамбылда бағалы нөмірлерді сатып алушылар бюджетке 58 миллион теңге түсірген
ашық дереккөзі
Жамбылда бағалы нөмірлерді сатып алушылар бюджетке 58 миллион теңге түсірген
Жамбыл облысында жоғары сұраныстағы нөмірлерді сатып алушылар бюджетке 58 миллион теңге түсірді. Жамбыл облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мамбет Смаиловтың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан көлік құралдарын тіркеу және есептен алу бойынша – 42082 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 10104 жүргізуші куәлігі берілген десек, 2149 адам оны жаңадан алған. Сондай-ақ, «www.egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы 3870 көлік құралы тіркеліп, 2420 жүргізушіге куәлік берілген. Сонымен қатар, 400-ден астам көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің төлнұсқасы берілген. Себебі, оның ішінде түсіп қалғандары және жол-көлік оқиғасынан жарамсыз болып қалғандары кездеседі. «Жоғары сұраныстағы нөмірлердің 218 данасы жалпы сомасы 58 миллион 415 мың теңгеге сатылды десек, оның ішінде жиі кездесетін 010-нан 090 дейін және 077, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің 96 данасы өткерілген»,-дейді М.Смайлов. Айта кетейік, әкімшілік полиция бөлімшелері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар: мемлекеттік тіркеу және кейбір көлік құралдарын көлік құралының теңестіру нөмірі бойынша есебі, көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру, жүргізуші куәлігін беру.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар