дүйсенбі, 7 қазан, 2024 9:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда балаларды киім-кешекпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге бөлінген

Жамбылда балаларды киім-кешекпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге бөлінген
ашық дереккөзі
Жамбылда балаларды киім-кешекпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге бөлінген
2022 жылы жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен ақшалай қамтамасыз етуге жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Киім-кешекке бөлінген қаржы 2022 жылғы 11 тамыздан бастап ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің жеке шоттарына аударылуда. Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар жаңадан енгізілуде, қаулы күшіне енгеннен кейін қолданыстағы заң аясында жұмыстар жүргізілетін болады. Жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен қамтуға арналған қаржы ағымдағы жылғы 17 тамызға дейін ата-аналардың жеке шоттарына 100% аударылады. Бүгінгі күні облыс бойынша жекелеген санаттағы отбасынан шыққан балалардың саны – 47598. Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы барысында жергілікті бюджет есебінен 43654 балаға (әр балаға 32500 теңгеден)1 млрд. 418 млн. теңгеге киім-кешекке ақшалай, демеушілер есебінен 1518 балаға28 млн. 710мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар