Жаңалықтар

Жамбылда бір тәулікте көктайғақтан 79 адам жарақат алған

Жамбылда бір тәулікте көктайғақтан 79 адам жарақат алған

Облыста көктайғақ салдарынан құлап жарақат алғандар қатары артты. Бір күннің ішінде өңірдегі травматология орталығына 100-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінгендер әр түрлі жастағы тұрғындар.

– Бір күнде 100-ден астам адам жарақат алса, оның 79-ы көшеде тайып құлап, аяқ-қолын сындырғандар. Бүгінгі күні 2 науқас ауыр жағдаймен ауруханаға жатқызылды, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары.