Жамбылда бюджет қаржысын жымқырған спорт мектебінің басшыларына үкім шықты
Жамбылда бюджет қаржысын жымқырған спорт мектебінің басшыларына үкім шықты
Жамбыл облысының Меркі ауданында №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің лауазымды адамдары қызметтік жағдайын пайдаланып, басқа да тұлғалардың көмектесуімен аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық прокуратура мәліметінше, мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық әрекеттері жастар арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсау заңдылығын тексеру нәтижесінде әшкереленді. Шенеуніктер бюджет қаржысын жеткізілмеген тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер үшін аудару арқылы жымқырғаны анықталды.
Іс ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен СДТТБТ-не тіркеліп, облыс прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы тергеу жүргізді. Тергеп-тексеру нәтижесінде 7 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.
Қылмыстық іс бойынша 6,7 млн теңге келтірілген шығын өтелгені хабарланды.