Жаңалықтар

Жамбылда демалыс күндері аяз болады

Жамбылда демалыс күндері аяз болады

Алдағы демалыс күндері Жамбыл облысының оңтүстігінің таулы аймақтарына тұман түседі деп хабарлайды «Jambylinfo.kz» “Қазгидромет”-тің облыстық филиалына сілтеме жасап.

Сенбі күні өңірде ауа температурасы түнде 7-12 градусты көрсетсе, облыстың таулы аймақтарында 15-20 градус, ал күндіз 2-7 және солтүстіктің таулы аймақтарында 10 градусқа дейін аяз болады. 28 қаңтар күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын жауады. Сондай-ақ таулы аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 8-13 градус, ал күндіз 2-3 градус аяз және өңірдің таулы аудандарында 18-23 градус аяз болады.