дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда еліміздегі алғашқы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді

Жамбылда еліміздегі алғашқы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді
Сурет:ҚР Көлік министрлігі
Жамбыл облысы мен Түркістан облысын жалғайтын туннель ашылды

Шақпақ асуындағы екі өңірдің арасын жалғайтын туннель құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілді

Жамбыл облысында Шақпақ асуындағы екі өңірдің арасын жалғайтын туннель құрылысы толық аяқталып, қолданысқа берілді. Туннельдің ресми ашылуына ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көлік министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы 840 метрді құрайды. Ені - 11 метр, биіктігі - 8 метр.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоннелдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылған. Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннелді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған. Тоннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.

Автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырып, арнайы оқу-жаттығулары өткендігін атап өткен жөн. Арнайы жаттығулар шеңберінде тоннелдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды. Жол қызметтеріне нұсқаулық берілді.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар