Жаңалықтар

Жамбылда «Көксай» туристік аймағы ашылды

Жамбылда «Көксай» туристік аймағы ашылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Көксай» туристік аймағы ашылды

Салтанатты шараға облыс әкімі қатысып, қатысушыларды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. «Көксай» шатқалы Тараз қаласынан 80 км қашықтықта орналасқан. Аумағында мейрамхана, қонақ үйлер, балалар ойын алаңшалары қарастырылған. Ең бастысы, қонақтар мен туристер үшін шаңғы тебуге мүмкіндік бар.