Жамбылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 22 пайызға артқан
- авторjambylinfo.kz
- 25 маусым, 2024
- 601
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтардың құқықтарын қорғау нәтижелері» туралы баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыстың бас прокуроры балалар арасындағы қылмыс және буллингпен күресте ашықтық жетпейтінін алға тартты.
«Мектептегі буллинг — бұл қиын мәселе. Мектептегі буллинг жағдайында ата-аналар мен мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Олар балалардың мінез-құлқының өзгеруі, өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейінде болуы сияқты ерте белгілерін байқауға тырысуы керек. Бізге ашықтық жетіспейді. Көп жағдайда мәселені жылы жабамыз. Соның салдарынан Байзақ, Сарысудағы қайғылы оқиғалар орын алды. Кәмілетке толмағандар арасындағы қылмыс 22 пайызға артып отыр. Бұл өте қауіпті әрі назар салатын нәрсе. Сондықтан бір ғана құқық қорғаушылар емес, мектеп, ата-ана болып, үштікте жұмыс істеу арқылы ғана бұл мәселені шеше аламыз»,-деді Нұрғалым Әбдіров.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз