Жаңалықтар

Жамбылда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Атаулы шара биыл облыста 11-ші рет өткізілді

Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Облыста 2014 жылдан бастау алған «Мерейлі отбасы» байқауында бүгінгі күнге дейін 2500-ден астам отбасы қатысқан. Олардың 60%-нан астамы көпбалалы болса, 205-і  интернационалдық отбасылар. Аталған шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде ұлттық байқаудың маңыздылығына кеңінен тоқталып, қатысушыларға тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқандары үшін ризашылығын білдірді. 

Өңір басшысы бұдан соң «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Байқауда Таңатаровтар әулеті топ жарып, өнегелі отбасының озық үлгісін көрсетті.