жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда тау болып үйілген фосфогипс қалдығын қайта өңдеудің жолы табылды

Жамбылда тау болып үйілген фосфогипс қалдығын қайта өңдеудің жолы табылды
ашық дереккөзі
Жамбылда тау болып үйілген фосфогипс қалдығын қайта өңдеудің жолы табылды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғалымдары «Қазфосфат» ЖШС-нің «Жаңа Жамбыл фосфор зауытынан» шығатын қалдықтарды қайта өңдеп, құрылыс материалын өндірудің тиімді жолын ұсынып отыр. Оқу ордасының зертханасында жүргізілген зерттеулердің қорытындысына қарай жоба жасалған. Осы жоба жүзеге асса, онда қоршаған ортаға залалын тигізіп жатқан қалдықтардан құтылып қана қоймай, өңір бюджетіне мол табыс түсетін болады. Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Сейітжан Орынбаев зауыттан шығып жатқан қалдықтарды 1,5 мың градуста қыздырып-өңдеп залалсыздандыру қажет екенін айтады. Бұл процесс екі кезеңде жүргізіледі. Әр кезеңнің сақталуы тиіс технологиясы мен талаптары бар. Себебі, химиялық реакцияларды жасауда артық асып, кем түсуге болмайды. «Ғалымдардың бірлескен жұмыс нәтижесінде қалдықты 2 этапта қыздырып, фторсыздандырып, құрғақ гипс алудың жаңа технологиясы жасалды. Оны әрі қарай өңдеп, цемент өндіре аламыз. Осы жобаны өндіріске енгізсек, пайдасы көп», – дейді университеттің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Сейітжан Орынбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар