жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 6:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті

Жамбылда жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті
Сурет: Юрий Ким
Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет

Таразда «Жігерлі жастар – ел болашағы» атты облыстық жастар форумы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Форум жұмысына Жамбыл облысының әкімі Ербол  Қарашөкеев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Махметғали Сарыбеков, Президенттік жастар кадр резерві жобасының резервшісі, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясының директоры Берік Манасов және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғазиз Қосыбаев қатысты.

Формуда аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы сөз сөйледі. 

Бүгін «Жігерлі жастар – ел болашағы» атты облыстық жастар форумында бас қосып отырмыз. Бұл кездесудің мән-маңызы ерекше. Егемен Қазақстанның дамуы әр кезеңде мемлекеттік басқарудың озық үлгісін қажет етеді. Мемлекеттік қызметті атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім болып табылады. Біздің алдымызда адами ресурстардың сапасын жақсарту мен мемлекеттің аппараттың кәсіби деңгейін арттыру міндеті тұр. Еліміздің өсіп-өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелерді тиімді шешу мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауылшарушылығы еңбеккерлерінің I форумында сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік қызметшілер елдегі жүйелі өзгерістердің басты жол басшылары» деп атап өткен болатын»,- деген облыс әкімі Мемлекеттік қызметшілердің міндеті мен жауапкершілігіне тоқталып, форум жұмысына сәттілік  тіледі.

 

Форумда баяндама жасаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов қазіргі мемлекеттік қызмет елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанын, осы процестің маңызды бөлігі – талантты жастарды тарту екеніне тоқталды.

       Университетте жастарға заманауи білім беру, оларды бәсекеге қабілетті маман ретінде кадр даярлау, кәсіби және адамгершілік тұрғыдан қалыптастыру жұмыстары басты міндетіміз. Бүгінде біз, өз тарапымыздан, жастарға барынша қолдау көрсетуге, жаңа мүмкіндіктер мен білім жолдарын ұсынуға дайынбыз. Өткен 2023-2024 оқу жылында «Мемлекеттік қызметші мектебі» жобасына Дулати университетінен 14 адам қатысты (оның ішінде 13 студент Экономика және құқық факультетінен және 1 студент Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінен). Экономика және құқық факультетінен 3 студент мемлекеттік қызметке орналасты. Ағымдағы оқу жылында біздің университеттен осы жобаға 24 студент қатысуда (21 студент Экономика және құқық факультетінен, 2 студент Жаратылыстану ғылымдары факультетінен және 1 студент Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінен). Қазіргі таңда барлық қатысушылар эссе жазып, яғни іріктеуден өтті», -деді ректор.

Айта кетейік, форумның мақсаты - жас түлектерді мемлекеттік қызметке тарту, өңірдегі мемлекеттік қызметтің оң имиджін одан әрі көтеру, жастарға қолдау көрсету мен олардың әлеуетін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің негізгі миссиясы елге қыз¬мет ету екендігін түсіндіру, әділ, моральдық жауап¬кершілігі жоғары, адалдық және парасаттылық қасиеттерге ие тұлға ретінде қалыптастыру.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар