Жамбылда жас мемлекеттік қызметшілер форумы өтті
Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет
Таразда «Жігерлі жастар – ел болашағы» атты облыстық жастар форумы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Форум жұмысына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Махметғали Сарыбеков, Президенттік жастар кадр резерві жобасының резервшісі, «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Берік Манасов және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ғазиз Қосыбаев қатысты.
Формуда аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы сөз сөйледі.
Форумда баяндама жасаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов қазіргі мемлекеттік қызмет елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанын, осы процестің маңызды бөлігі – талантты жастарды тарту екеніне тоқталды.
Айта кетейік, форумның мақсаты - жас түлектерді мемлекеттік қызметке тарту, өңірдегі мемлекеттік қызметтің оң имиджін одан әрі көтеру, жастарға қолдау көрсету мен олардың әлеуетін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің негізгі миссиясы елге қыз¬мет ету екендігін түсіндіру, әділ, моральдық жауап¬кершілігі жоғары, адалдық және парасаттылық қасиеттерге ие тұлға ретінде қалыптастыру.