Жаңалықтар

Жамбылда жол сапасына жауапты 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Жамбылда жол сапасына жауапты 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жолды дұрыс күтіп ұстамады, сондықтан оның жағдайы талапқа сай емес деген себеппен жол сапасына жауапты 250 лауазым иесі жауапқа тартылды.

Ондағы деректерге қарағанда 9 айда жол-техникалық инспекция қызметкерлері ұзындығы 13 мың шақырымнан асатын жалпыға ортақ автожолдарға 1782 тексеру жүргізген. Тексеру барысында 11602 кемшілік анықталып, жол сапасына жауапты ұйым басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 1782 нұсқама жіберілді. Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаевтың айтуынша, жол сапасына жауапты 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Олар автомобиль жолдарының жағдайына көңіл бөлмеген, яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Бұдан басқа, Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарының полиция бөлімі, сондай-ақ Тараз қаласының полиция басқармасы берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 3-бөлімінің 462-бабына сәйкес, ауданның автожолдарын күтіп ұстауға жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. Өткен кезең ішінде автомобиль жолдарымен қиылысатын барлық 73 теміржол өткелдері тексеруден өтті. Тексеру барысында олардың құрамындағы 205 ақау анықталды. Өткелдерге қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына кемшіліктерді жою үшін 68 нұсқама берілді. Теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 20 лауазым иесі әкімшілік жауапқа тартылды. «Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту, яғни бағдаршамдарды орнату, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, автотұрақтар мен кіреберістерді салу бойынша ұсыныстары бар ақпараттық хаттар жолданды»,-делінген хабарламада.