Жаңалықтар

Жамбылда Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Жамбылда Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

03.01.2023ж. сағат 10-15-те Жуалы ауданы, Шақпақ асуында республикалық маңызы бар «Алматы-Термез-Ташкент» автомобиль жолының жабылуына байланысты жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар департаментінің (7 қызметкер мен 3 техника) патрульдік қызметі жұмылдырылды. Кептелісте қалған көліктерден 41 адам шығарылды, оның 18-і балалар. Олар жалпы білім беретін мектептің жылу пунктіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.