дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жыл басынан бері 700 жұмыс орны құрылды - Ербол Қарашөкеев

Жамбылда жыл басынан бері 700 жұмыс орны құрылды - Ербол Қарашөкеев
jambylinfo.kz.
Өңірде 149,7 млрд. теңгеге 21 жоба іске қосылған

Жыл басынан 149,7 млрд. теңгеге 21 жоба іске қосылып, 700 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингке айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.


«Жалпы 2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель  6,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 80 жобадан тұрады.  Құны - 3,3 трлн. теңге. Бүгінде 370,5 млрд.теңге инвестиция тартылды. Топ ірі жобалар: «Qazaq Soda» (кальцилендірілген сода), Еврохим удобрения (минералды тыңайтқыштар), «Knauf Гипс» (гипсокартон), «Shagala Mining» (мыс өндірісі). Облыста жүзеге асырылып жатқан жобаларда инновациялық технологиялар қолданылуда. Мысалы, Шатыркөл байыту комбинатында  мыс кенін байытудағы ең озық инновациялық технологиялар қолданылуда. «Korcem» кәсіпорны Орта Азияда теңдесі жоқ  қалдықсыз цемент өндіру технологиясын енгізді.  «Qazaq Soda» жобасында қолдану жоспарланған технологиялар әлемдегі ең экологиялық таза және тиімді технологиялардың бірі болып табылады», -деді аймақ басшысы. 


Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев өңірде жасыл энергетика саласында «Total Eren», «Masdar» және «China Power» жалпы қуаты 2,5 ГВт жел электр станцияларының құрылысы бойынша жобалардың жүзеге асырылып жатқанын айтты.


«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағында жел генераторлары компоненттерін шығаратын «Sаny Renewable Energy» зауытының құрылысы басталды, жалпы инвестиция көлемі - 54 млрд.теңге. Ағымдағы жылы «Тараз» ӘӘК» базасында отандық және шетелдік инвесторлар үшін «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсететін «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Дирекция инвестициялық жобаларды сүйемелдеумен айналысады, оның 8-ін біз жақын арада іске қосуды жоспарлап отырмыз»,- деді әкім.   Айта кетейік, Астанада Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен брифинг өтіп жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар