Жаңалықтар
Жамбылда жыл басынан жоғалып кеткен 40-тан астам бала табылды
- авторjambylinfo.kz
- 6 сәуір, 2021
- 235
Жамбылда жыл басынан жоғалып кеткен 40-тан астам бала табылды
Жамбыл облысында полиция жыл басынан бері жоғалған 40-тан астам жасөспірімді іздеп тапты.
Жылдың басынан бері Жамбыл облысының полицейлері 45 із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған жасөспірімді іздестірді. Оның 40-ы кезекші тәулікте табылды. Қалғандарының тұрған жері бірнеше күн ішінде анықталды.
Қолда бар статистикаға сүйене отырып, полиция балалар мен жасөспірімдердің өз еркімен кетуінің келесідегідей негізгі себептерін анықтады. Олардың қатарына: ата-аналармен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен және қатарластарымен қақтығыс, баланың психикалық дамуындағы ауытқу, ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы жатады.
Кездейсоқ кетіп қалу әрекеті сирек кездеседі, балалар тұрғылықты жерін таба алмай, автобуспен серуендеп немесе үйден алыс жерде адасып кетеді.
«Балаларыңызға мұқият және әділ болыңыз, олардың мәселелерін бірге шешіңіз, содан кейін сіздің балаңыздың үйден кетіп қалуы екіталай. Алайда, егер сіздің балаңыз үйден өз еркімен кетіп қалса, онда сіз оның барлық танысы мен достарына дереу қоңырау шалуыңыз керек. Үйдегі ақша мен құнды заттардың бар-жоғын тексеріңіз. Ол қандай киіммен кеткенін және өзімен бірге не алғанын анықтауға тырысыңыз. Егер сіз баланың үйден саналы түрде кетуінің белгісін көрмесеңіз, шұғыл түрде полицияға хабарласыңыз. Өзіңізбен бірге баланың кәмелетке толмағаны туралы құжаттарын, суретін әкеліп, өтініш жазуыңыз қажет», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
3 жыл бұрын адам атып, қашып кеткен күдікті ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024