Жаңалықтар
Жамбылдық 1000-нан астам педагог коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған
- авторjambylinfo.kz
- 17 наурыз, 2021
- 257
Жамбылдық 1000-нан астам педагог коронавирусқа қарсы вакцина қабылдаған
Жамбыл облысында білім саласындағы қызметкерлерді коронавирусқа қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Оның барысы туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтып берді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 ақпаннан бастап қазақстандықтарға екпе салына бастады. Ал наурыз айынан еліміздегі педагогтарға екпе салдыру науқаны басталған болатын.
«Бүгінге дейін өз еркімен өтініш білдірген облыстағы 1068 білім саласының қызметкері ерікті түрде екпе салдырды. Оның ішінде балабақша тәрбиешілері, бастауыш сыныпқа сабақ беретін педагогтар, колледж ұстаздары, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің қызметкерлері бар. Бүгінгі күні екпе салдырған педагогтардың денсаулығы қалыпты. Қандай да бір кері әсерлері болған жоқ», - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, ұстаз өз еркімен вакцина алуға жазбаша келісім берген соң, алдымен арнайы екпе үшін дайындалған бөлмеге барып денсаулығын тексертеді. Онда дене қызуы мен қан қысымын өлшетеді. Кінәрат болмаған соң бірінші дозасын қабылдайды. Кейін 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Вакцинаны алғаннан кейін де педагогтар дәрігерлердің бақылауында болады.
«Өңірдегі педагогтарға екпе туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін әр мұғалім жауапты. Сондықтан вакцина алуды әр педагог азаматтық міндеті деп есептеу керек», - деді басқарма басшысы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала