Жаңалықтар

Жамбылдық қарт майдангерге Беларусь Президенті жолдаған арнайы медаль табысталды

Қарт майдангерге құрмет көрсетілді

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәліп Ережепбайұлына Беларусь Президенті Александр Лукашенко жолдаған арнайы медальді табыстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл төсбелгі жерлесімізге Беларусь жерін жаудан азат еткені үшін беріліп отыр. 

Мүтәліп Ережепбайұлына төсбелгіні Қайрат Исмаил табыстап, 
қарияға зор денсаулық тілеп, ер есімі ешқашан ұмытылмайтынын тілге тиек еткен.