Жаңалықтар

Жамбылдық Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы

Жамбылдық Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы

Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта финалда 2019 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі, иорданиялық Зеяд Ишаишты сенімді ұтты. Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов, Халықаралық дəрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Дүниежүзілік əскери ойындардың жеңімпазы. Жамбыл облысының өкілі. Жеке бапкері – Ермек Ертаев.