Жамбылдың бірнеше ауданында тасқын қаупі жойылды
Жамбыл облысында су тасқынымен күрес жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап.
«Жамбыл облысында еріген қар және жаңбыр суының басу салдары жойылды. Қазіргі уақытта Меркі және Тұрар Рысқұлов ауданында алдын алу шаралары жалғасуда, еріген қар суын ашық аумақтан айдау жүргізілуде. Сонымен қатар су бұру арналары тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға 140-қа жуық адам және 40-тан астам техника жұмылдырылған», - делінген министрлік хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз