Жаңалықтар

Жамбылдық бірнеше кәсіпорын "халал" сертификатын алды

Жамбылдық бірнеше кәсіпорын "халал" сертификатын алды

Халал ас - Алланың әмірі. Бүгінде сертификаттаудан өткен халал тағамға деген сұраныс артып келеді. Осыған орай Жамбыл облысының кәсіпорындары біртіндеп халал өнім шығаруға аса үлкен көңіл аударуда. Бүгінде бірнеше кәсіпорын "халал" сертификатына өтініш беріп, тексеруден өтті. Барлық қорытынды оң нәтиже көрсеткеннен кейін олбыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде жаңадан сертификаттаудан өткен мекемелерге "Халал" сертификаты табысталды. Жеке кәсіпкерлерге куәлікті табыстаған ҚМДБ "Халал даму" ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Аблайхан Ғабитұлы жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кетейік, куәлікті фаст фуд өнімдері бойынша Salam Bro, Ai Ai Ai Chiken, Zhekas дәмханаларына, ТОО "Мясной Мир" шұжық өнімдері, "Алма Спайс" тағамдық қоспалары алды. Маманның айтуынша облысымызда сертификаттан өтуге ниет білдіргендер саны көбейіп келеді. Жыл соңына дейін жаң мекемелерді сертификаттаудан өткізу жұмысын 2 есеге дейін арттыру жоспарда бар.