Жаңалықтар

Жамбылдық боксшы Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын ұстап шығады

Спортшы ел сенімін ақтауға бар күшін саламын дейді

26 шілде күні Парижде басталатын Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның Туын ұстап шығатын спортшылар анықталды. Олар – боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова, деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

Осы ретте jambylinfo.kz тілшісі бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновке хабарласып, дүбірлі дода алдындағы әсерін білді. 

Асланбек бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны. 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионы (2022). Көптеген халықаралық турнирлерде топ жарған боксшы. 

Еске салайық, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 88 лицензия бар. Отандастарымыз 25 спорт түрінен жүлдеге таласады.