Жаңалықтар

Жамбылдық кооперативтерге жаңа ауыл шаруашылығы техникалары берілді

Жамбылдық кооперативтерге жаңа ауыл шаруашылығы техникалары берілді

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысында шаруаларға ауыл шаруашылығы техникалары тапсырылды. Жаңа техникалар «Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы аясында жаңадан құрылған кооперативтерге берілді.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, кооператив төрағаларына 303,0 млн. теңгені құрайтын 18 дана «Ловол», «Зумлион», «ЮТО», «МТЗ» маркалы тракторларын және Меркі, Жуалы, Жамбыл аудандарының шаруаларына жеңілдетілген лизингпен берілген 6 дана ауыл шаруашылығы техникаларын табыстады.  width= Аймақ басшысы өз сөзінде салада атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста барлығы 12 316 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Оның ішінде 1 мыңнан астам тахниканың пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Яғни 25 пайызының тозығы жеткен. Осыған орай, биыл 1355 дана ауыл шаруашылығы техникасы алынып, 11 пайызға жаңартылды. Инвестициялық субсидия арқылы 1848,0 миллион теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, алынған техника құнының 25-30 пайызы төленіп берілді.