жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық полицейлер автобус жүргізушілері жасаған 1600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады

Жамбылдық полицейлер автобус жүргізушілері жасаған 1600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер автобус жүргізушілері жасаған 1600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автобус жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Республикалық, жергілікті маңызы бар автожолдарда және өңірдің көше-жол желісінде қоғамдық көлікпен жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүк тасымалдаумен айналысатын көлік құралдарының (автобустардың) жүргізушілері жасаған 1612 жол ережесін бұзушылықты анықтады. Рейдтік жұмыстар барысында автокөлікті тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 83 дерегі, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 29 дерегі тіркелді. Патрульдік полицейлермен автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 181, ал маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 331 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері техникалық ақаулы көлікті желіге шығарғаны үшін автобус парктерінің 29 лауазымды тұлғасын жауапкершілікке тартты. Айыппұл тұрағына барлығы 42 қоғамдық көлік қойылды. Жамбыл облысының Полиция департаменті автобус жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін және жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптарды қатаң сақтауды ескертеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар