Жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер енді электромобильмен жүреді

Жамбылдық полицейлер енді электромобильмен жүреді

Жамбыл облысының полицейлері өз автопаркіне 25 электромобиль алды, деп хабарлайды Жамбылинфо Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Электромобильдердің Қазақстанда шығарылғаны хабарланды.

   />

Жалпы, жыл басынан бері облыс полицейлері 59 қызметтік көлік алған.

Жаңа көліктердің кілтін тәртіп сақшыларына облыс әкімі Ербол Қарашүкеев табыс етті.