Жамбылдық полицейлер заңсыз алтын өңдеу цехын құрықтады
Жамбылдық полицейлер заңсыз алтын өңдеу цехын құрықтады
Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ақбақай ауылында орналасқан жекеменшік үйдің қосалқы шаруашылығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында бағалы металдары бар шикізатты заңсыз өңдеу жұмыстарын жүргізетін шағын цехты анықтады. Тексеру кезінде қолдан жасалған ұсатқыш, сынапқа ұқсас сұйықтығы бар 3 пластикалық бөтелке, азот қышқылы бар канистр, жалпы салмағы 116 келі болатын ішінде алтынды кені бар 2 қап табылды және тәркіленді.