Жаңалықтар

Жамбылдық полицейлермен үш күннің ішінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылды

Жамбылдық полицейлермен үш күннің ішінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылды

Ағымдағы жылдың қараша айының 28 мен 30 аралығында облыс аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылып, оның ішінде 4 қылмыстық топ құрықталды және өткен жылы болған 6 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, осы кезеңде 3 мал ұрлығы дерегі орын алды, оның барлығы дер кезінде ашылып, үй жануарлары иелеріне қайтарылды. Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы жануарларын және ет өнімдерін ілеспе құжатсыз тасымалдауды бұзу немесе ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) - 51 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) - 95 дерек анықталды. Сонымен қатар, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларларын жаю қағидаларын бұзу себебінен республикалық автожолдарда 16 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 3 адам қайтыс болып, 28 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жамбыл облысының Полиция департаменті үй жануарларын қараусыз қалдыру ұрлыққа ғана емес, адам өліміне де әкеп соғатындығын ескертеді! Сонымен қатар пагондағылар Байзақ ауданының тұрғынынан 4 келі кептірілген марихуана тәркіледі Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс- шарасы барысында Байзақ ауданының құмға жақын маңдағы аумағында есірткі затын дайындап жатқан 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден 2 қапқа салынған жалпы салмағы 4 келіден асатын "кептірілген марихуана" есірткі заты тәркіленді. — Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен ( аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, - деп атап өтті Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.