Жаңалықтар

Жамбылдық Расул Мухым дзюдодан Азия кубогының жеңімпазы атанды

Жерлесіміз 81 келі салмақта белдескен

Жамбылдық Расул Мухым 81 келі салмақ дәрежесінде  дзюдодан Азия кубогының чемпионы атанды, деп хабарлайды Jambulinfo.kz.

Облыстық спорт басқармасының дерегінше, Расул Мухым қарсылас шақ келтірмей, айқын жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, бұл күндері  Алматыда дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтіп жатыр.

Жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Моңғолия, Шри-Ланка және Германия, Молдова, АҚШ елдерінен 700-ге жуық татами шебері қатысуда.