Жаңалықтар

Жамбылдық өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды

Жамбылдық өрт сөндірушілер 5 адамды құтқарды

Бүгін сағат 10:10-да Жамбыл облысында бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт болғаны туралы хабарлама келген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, пәтерден 5 адам шығарылды. Оның үшеуі бала. Сондай-ақ 20 адам эвакуацияланды. 1981 жылғы пәтер иесі мен оның 1987 жылғы жұбайы күйікпен ауруханаға жатқызылды. Өрт толығымен сөндірілді.