Жамбылдық бірқатар педагогтар наурыз айында министрдің қолынан марапат алған болатын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасын иеленген ұстаздар – Мираш Бегілдаева және Айгүл Қалмахановамен кездесті. Ұстаздарды жоғары дәрежелі марапатқа ие болуларымен құттықтап, бұл атаққа қол жеткізген алғашқы 25 ұстаздың қатарынан табылу – зор мәртебе екенін ерекше атап өтті.
– Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Мұғалім – мектептің жүрегі» екеніне еш дау жоқ. Сіздер оқушылардың бойына адамзат баласына тән бар игі қасиеттердің дәнін себесіздер. Олардың әлемді тануына көмектесіп, тура жолға саласыздар, тәрбие бересіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің нәтижесінде жас жеткіншектер өз бойындағы дарынын дамытып, өз күштеріне деген сенімге ие болады. Олардың пән олимпиадаларында, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңістерге жетуіне, осылайша өңірдің даңқын арттыруына сіздердің тигізген септіктеріңіз өлшеусіз. Осы орайда, құрметті ұстаздар, жыл сайынғы жанкешті жұмыстарыңыз бен болашаққа қосып келе жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзінде.
Өз кезегінде облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты тарих пәнінің мұғалімі, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы Мираш Бегілдаева мен Жамбыл ауданы Б. Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогы» байқауына іріктеліп алынған он ұстаздың бірі атанған Айгүл Қалмаханова аталмыш награданы иелену – өздері үшін биік мәртебе екенін атап өтті.
Аймақ басшысы да қазіргі уақытта елімізде білім сапасын арттыруға баса назар аударылып отырғанын айтып, экономикалық ахуал қаншалықты ауыр жағдайды бастан өткізіп жатқанына қарамастан білім, медицина мен мәдениет салаларына қолдау азаймайтынына тоқталды.
– Соңғы бірнеше жылдың бедерінде педагогтардың жалақысы қаншалықты өскені өздеріңізге белгілі. Мектептердің құрылысы мен күрделі жөндеуіне қыруар қаражат бөлініп келеді. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасы қаладағы білім ошақтарынан еш кем емес. Бұл – оқу ордасының қайда орналасқанына қарамастан білім сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету мақсатында істеліп жатқан жұмыстың нәтижесі, – деді Б. Сапарбаев.
Жиын соңында Бердібек Машбекұлы ұстаздарға естелік сыйлықтар табыс етті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Коронавирус: Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024