Жаңалықтар

Жамбылдық құтқарушылар адасқан үш азаматты тапты

Жамбылдық құтқарушылар адасқан үш азаматты тапты

11 желтоқсан күні сағат 21:59-да “112” нөміріне Жуалы ауданының ескі Күйік айналмалы жолының маңынан белгісіз аймақтан ВАЗ автокөлігімен 3 ер адам адасқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру жұмыстарына Жамбыл ауданы ТЖД Жуалы ауданының және Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ( 2 бірлік техника және 5 адам) жөнелтілді. Сағат 22:40 адасқан азаматтар табылды. Медициналық көмек қажет болмады. Ер кісілер құтқарушыларға өз алғыстарын білдірді. @jambyl_tjd