сейсенбі, 26 қараша, 2024 2:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЖАМБЫЛДЫҚТАР 10 КӨЛІККЕ СОҚТЫҒЫСҚАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІНЕ АҚША ЖИНАУДА

ЖАМБЫЛДЫҚТАР 10 КӨЛІККЕ СОҚТЫҒЫСҚАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІНЕ АҚША ЖИНАУДА
ашық дереккөзі
ЖАМБЫЛДЫҚТАР 10 КӨЛІККЕ СОҚТЫҒЫСҚАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІНЕ АҚША ЖИНАУДА
Тараздағы танымал пабликтердің бірінде белгісіз оқырман, кеше ғана Төле би көшесінде 10 көлікке соқтығысқан 56-шы автобус жүргізушісіне көмек қолын созу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо. Автордың айтуынша, жүргізуші күнделікті таңғы бестен жұмыс істейді. «Автобус жүргізушісіне ақшалай көмек беруге қалай қарайсыздар? Мұндай жағдай әрқайсысымыздың басымыздан өтуі мүмкін. Жаңа жылды мейірімділікпен бастайық. Біздің тұрғындар бей-жай қарамайтынына сенемін»- деп жазды оқырман. Парақшаны жүргізушілер осылайша оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп, нәтижесінде басым бөлігі көмек қолын созуға қолдау білдірді. Кейіннен, паблик администраторы жүргізушінің әйелімен байланысып, ақша аударымы үшін шот нөмірін сұраған. Бірнеше сағатта қанша ақша жиналғаны да парақшада жарияланды. «Түнгі 23.00-ден таңға дейін 600 мың теңге жиналды» делінген хабарламада. Айта кетейік, 33 жасар қоғамдық көлік жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, 10 көлікке соқтығысқан.  Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 10 жолаушы болып, оның біреуі – 56 жастағы әйел дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Егер сіз де көмектесуге ниетті болсаңыз, жүргізуші әйелінің реквизиттері төменде көрсетілген: 8776 148 88 89 Венера М. (Kaspi)
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар