сенбі, 24 мамыр, 2025 18:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтар Азия чемпиондарын зор қошеметпен қарсы алды

Жамбылдықтар Азия чемпиондарын зор қошеметпен қарсы алды
Фото: Jambylinfo.kz
Салтанатты шараға спорт ардагерлері, чемпиондардың ата-аналары мен бауырлары, бапкерлер және жанкүйерлер қатысты.

Иордания астанасы Амманда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғап, жеңіспен оралған жамбылдық былғары қолғап шеберлерін Тараз қаласының шығыс қақпасынан салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған додада ұлттық құраманың сапында Жамбыл облысынан 6 спортшы бақ сынады.

64 келі салмақта Мейіржан Шәді қола жүлдеге қол жеткізсе, 80 келіде Мұхамедали Рүстембек қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды.

Қыздар арасындағы бәсекеде де жерлестеріміз абыроймен өнер көрсетті. 60 келіде Әбдікерім Айдана мен +80 келіде Қоңырат Эльнура қола жүлдені иеленсе, 66 келі салмақта Тұрсынбек Дильяра чемпион атанды.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы ұйымдастырған бұл алғашқы Азия чемпионатына құрлықтың 18 елінен 400-ге жуық спортшы қатысқан болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар