Жаңалықтар

Жамбылдықтар Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

22 тамыз мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткен күні

Айтулы күнге орай жамбылдықтар  облыс орталығындағы тау тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып рухына тағзым етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Гүл қою рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, мәслихат, қоғамдық кеңес төрағалары, депутаттар, зиялы қауым, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары жиналды.

Айта кетейік, биыл Дінмұхамед Ахметұлының туғанына 112 жыл. Көрнекті тұлға 1993 жылдың 22 тамызында 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды.